Пятница, 29.03.2024, 09:27
Приветствую Вас Гость | RSS

Методический центр помощи учителю

Каталог статей

Главная » Статьи » Мои статьи

«Менің педагогикалық ұстанымым»

     Үлкен арман керек адамға» -  деп М.Шаханов жырлағандай, алдыңа қойған мақсатыңа жету үшін – арман, оны іске асыру үшін күресу керек.

     Арманым орындалып-қолыма дипломымды алғанымды алған кезім, мектеп табалдырығын аттап, ұстаз-педагог болып аттанғаным есімде!.

    Көздері қарақаттай мөлдіреген балалардың менің сабағыма қызығушылығын бірден байқадым.Үйренуге, жақсы нәрсені қабылдауға дайын екендіктеріне сендім. Білуге, үйренуге құштар балаларды көргенде менің де шабытым артып, тағы да бір арман пайда болды.Балғын балалар!.., болашақ үздік шәкірттерімді қалай қалыптастырамын, отанын сүйетін азамат тәрбиелеуге  өзіндік үлесімді қоса аламын ба? – деген сұрақтар көкейімде тұрақтап, жаңа жоспарларымның дүниеге келуіне жол ашты. Баланың бойында имандылық, көркем қасиеттерді сіңіру басты мақсатым болды. Осыған орай, халқымыздың рухани қазынасы – ұлттық қолөнерінің тарихын, салт-дәстүрін қадірлейтін жас ұрпақ тәрбиелеудей ұлы іске өз білімім мен тәжірибемді аямауды азаматтық, кәсіби борышым деп санадым.

    Білім беру барысында бейнелеу әрекеті үрдісінде бейнелеу өнерінің негізгі төрт түрінің бірі- қолөнерді ұлттық сипатта таныстыру аса маңызды.

    «Өнер-жеміс, өмірге азық», «Үлгісі көптің-өрнегі көп, өнері көптің –ермегі көп» - деген халқымыз ұрпағының өнерлі болып өсуіне жете мән берген.

    Бейнелеу өнерімен жас ұрпақты халықтық педагогиканы ұштастыра отырып, тәрбиелеу қолға алынғаны қуанарлық жайт. Сапалы білім беру үшін технология пәні мұғалімдеріне қабілетті оқушыларды ұлттық қолөнерді қастерлейтін рухани байлығы биік азамат тәрбиелеу мақсаты тұрғандығын айтып өткім келеді.

     Қолөнер ғасырлар бойы қалыптасып, жетілдіріліп, уақыт сынынан өтіп келе жатқан халқымыздың сарқылмас қайнар көзі, ұлт мәдениетінің айнасы. Қазақ халқының қолөнері –өзінің қайталанбас көркемдігімен, дәстүрлі әдісімен ерекшеленеді. Көнеден қалған бұйымдар өрнегі ерекшелігімен адамды баурап алып, тарих қойнауына жетелейді. Сондықтан, қолөнер кәсібінің ерекшеліктерін үйрену  барысында оқушы өз халқының тарихын қоса білуі тиіс. Мысалы, кәдімгі қоржынды тігу барысында, ұзындығы мен ені қанша болуы керек,қоржынның тігілу түрлері қандай болғандығын меңгеру үшін тарихи тұрғыдан қосымша іздену талап етіледі. Сондықтан да ұстаз-шығармашылық иесі. Өз бетінше іздене жүріп, оқушы әрекетіне сараптама, талдау жасаумен қатар, өз шығармашылығын да шыңдай түсетіні хақ.

    Шығармашыл ойлай алатын тұлғаны шығармашыл ұстаз ғана тәрбиелей алады. Менің шығармашылық жетістіктерім осындай ізденістер арқылы өз нәтижесін бере бастады. Үздіксіз шығармашылық ізденіс сайын қолөнер де дамып отыратыны заңдылық. Қазіргі таңда ұлттық қолөнер бұйымдарын жаңа заманғы дизайнерлік кәсіптің дамуымен сәйкестендіріп даярлауымыз қажет деп есептеймін. Мен өз мақсатыма жеткендеймін. Шәкірттерім менің берген білімімді ынта-шынтасымен игеріп келеді. Мені асыға күтеді:Бірі саусақтары майысып тіккен кестесін, бірі тоқыған кілемшесін көрсетіп, көз майын тауысып жасаған еңбектерінің бағасын алуға асық. Енді бірі еңбектерінің тарихына үңіліп, білгенін басқамен бөлісуге құштар.

      Егер менің оқушыларым өз жұмыстарын қызығушылықпен жасап, үйлеріне ризашылықпен қайтса және ертеңгі күнді асыға кеүтсе – бұл менің ұстаздық еңбегімнің табыс көрсеткіші деп білемін.

      Шығыс нақылында: «Егер бір жылыңды ойласаң, дән сеп; он жылыңды ойласаң, ағаш ек; бір ғасырыңды ойласаң, жақсы адам тәрбиеле» дейді. Отанымызға лайық ұрпақ өсіру, оның бойына  адалдық, тазалық, қоғамның болашағына еңбек етуге құштарлық сияқты мінез-құлықты дарыту менің міндетім екенін саналы түрде түсінемін.

      «Ұстазы жақсының –ұстамы жақсы» демекші, шәкірт бойына ұлтжандылық пен ұстамдылықты сіңіріп, ғылыми педагогика жетістіктерін жас ұрпақ тәрбиесіне пайдалана отырып, тарихын білетін азамат қалыптастыру – менің педагогикалық ұстанымым.

 

Лермонтов атындағы №17 жалпы орта мектептің

бейнелеуөнері пәнінің мұғалімі Диханбаева Айгүл.



Источник: http://1
Категория: Мои статьи | Добавил: gup69 (24.02.2014) | Автор: Диханбаева Айгүл. E
Просмотров: 5215 | Рейтинг: 0.0/0
Категории раздела
Наш опрос
Оцените наш сайт
Всего ответов: 80
Форма входа

Обновите код информера...
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Flag Counter