Среда, 17.04.2024, 01:38
Приветствую Вас Гость | RSS

Методический центр помощи учителю

Каталог статей

Главная » Статьи » Мои статьи

Мен неліктен өзгеруім керек?

«Ұстаз- жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын,  ешнәрсені ұмытпайтын, алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі, мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ, жұрттың бәріне  жақсылық пен ізгілік көрсетіп, қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек.»

  Әл-Фараби.

Мен негізі оқушы кезімнен әдеби кітаптарды, әдебиет пәнін қатты жақсы көріп, сүйіп  оқитынмын. Қазіргі кезде ұлы оқымыстылар мен ғұламалардың әсерлі айтып кеткен сөздерін ақпараттық желілер арқылы да қарап отыруға тырысамын. Осы сөздерді ақтарып жүрген кезімде ВК желісі арқылы Әл-Фарабидің жоғарыдағы сөздерін оқып қатты ойланған едім. Осы сөздерді 850-950 жылдары өмір сүрген Әл-Фараби  ХХІ ғасыр ұстазына арнап айтып кеткендей.

 

Мен осы сөздерді оқи отырып осы үш күн аралықта оқып жүрген сәттерімнен бастап шын мәнінде өзгеру қажеттігін түсінгендеймін. Әрине жоғарыда айтылған сөздерде айтылғандай қазіргі заман талабына сай болса, осы қасиеттердің қаншалықты менің бойымнан табылатынын және сол қасиеттерді қаншалықты көрсетіп, пайдалана отырып көрсете алатынымды сараптадым.

 

Мен  неліктен өзгеруім керек? Қазіргі заман талабына сай оқытудың мақсат- міндеттерін, бағасын кешегі күннен бастап үйрене бастағандықтан өзгеруім керек деп ойладым. Дұрыс жұмыс істеп, басқаларға үлгі бола білу үшін өзгеруіміз қажет деп те ойлаймын

       Қазіргі заман ағымына сай оқушы тәрбиелеу үшін барымызды саламыз, өз білгенімізді бала бойына сіңіріп, жақсы тәрбиеленген, алғыр, белсенді, білімді талапқа сай оқушы-бала  тәрбиелеп отырмыз. Мына қиындығы көп заманда оқушыны тәрбиелеу, сауаттылығын арттыру, оларды заман талабына сай етіп өсіру үшін, олармен бірге өзімде жан-жақты сауатты, ақпаратты технология жағынан болса да бар жағынан мықты, яғни мінсіз болу керекпіз. Сондықтан менің негізгі басты мақсатым - рухани бай, іздемпаз, адамгершілігі мол адамды қалыптастыру болып табылады. Мен қарапайым ғана қазақ қызымын, құдайға шүкір ұлт тәрбиесі бойымнан табылады, яғни мен  кезінде қалыптасқан ұяңдық мінездерімді тастап, керісінше ізденуші, зерттеуші, шығармашыл жұмыс істейтін жаңашыл болып, заман талабына сай өзгеру керекпін. Сонда ғана мен сияқты  ұстаздан тәрбие алған адам жақсы қоғамдық қайраткер, ұлы тұлға болып өседі, өмірін дұрыс бағытқа бейімдеп, көркейтеді.

Менің алдымдағы басты міндетте сол емес пе ХХІ ғасырдың есігінен еркін енетін, дүниежүзілік мəдениетті танитын, төл мəдіниетімізді құрметтей білетін, рухани дүниесі бай, білімі жоғары, жан жақты ақпараттандырылған заман талабына сай белсенді ұрпақ тəрбиелеу. Себебі ХХІ ғасыр - білімділер ғасыры. Сондықтан сол талапқа мен де сай болуым керек.



Источник: http://Мадыбекова Эльза Зархыновна
Категория: Мои статьи | Добавил: gup69 (07.12.2016) | Автор: Мадыбекова Эльза Зархыновна E
Просмотров: 1309 | Рейтинг: 0.0/0
Категории раздела
Наш опрос
Оцените наш сайт
Всего ответов: 80
Форма входа

Обновите код информера...
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Flag Counter